Білім мен тәртіп – жарқын болашақтың кепілі!

«Құқықтық сауаттылық — болашаққа сенімді қадам»

Бүгін Қаражал қаласының полиция бөлімі өкілдерімен бірге колледж студенттерімен кездесу өткіздік. Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл кездесуде өз құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпараттар айтылды.

Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Ашық форматта өткен бұл кездесу – болашақта заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі деп білеміз.

Білім мен тәртіп – жарқын болашақтың кепілі!