Балалық шағың – патшаның тағы!

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ биылғы жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Сол арқылы өскелең ұрпақтың болашағына мəн беріп, жастарға зор үміт артатынына, сондықтан олардың болашағына жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екендігіне назар аударды.

Қаражал қаласындағы «Улыбка» балабақшасының ұжымы Балалар жылына арналған жоспарын тиімді жүзеге асыруда. Атап өтер болсақ, бүлдіршіндер арасында Тілдер күніне орай, «Тіл – халық қазынасы» атты байқау, қабырға газеті іспетті сурет көрмелері, ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштікке баулитын түрлі қызықты сабақтар, «Ертегілер елінде» қойылым-көрініс сабақтары, шағын спорттық эстафеталар жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Отбасымызбен бірге үйренейік» қолөнер үйірмесі жұмыс істейді. Тəрбиеленушілердің ата-аналарының қатысуымен балғындардың қоршаған ортаға мейірімін оятып, жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Балабақша – жасыл ғаламшар» акциясы ұйымдастырылып, балабақша аумағын көгалдандыру, гүл отырғызу жұмыстары да жүргізілді.

Иə, «Тəрбие – тал бесіктен»- демекші, сəбилердің бойына түрлі қасиеттерді сіңіріп, көргенін көкейіне, естігенін санасына түйіп, тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды кезеңнің бірі – балабақша қабырғасындағы тəрбие жұмыстары. Тиісінше, балабақша басшылығы мен тəрбиешілері осы мақсатты түпкі меже тұтады.

Балшырын АМАНТАЙ