Балаларға арналған тегін шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында «Арқа әуені» дәстүрлі ән үйірмесі ашылды. Онда 10 жастан 17 жасқа дейінгі балалар тегін оқи алады.

Үйірме жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Қайрат Әбеуов.

Анықтама телефондары: 8-777-574-97-83, 8-707-409-89-90.

Сондай-ақ, мәдениет үйінің жанындағы «Дарын» театр клубы 7-14 жас аралығындағы балаларды тегін сабаққа шақырады.

Театр студиясы көркем-мәнерлі оқу дағдыларын дамытуға көмектеседі; баланың актерлік қабілетін ашады; үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік береді; конкурстар мен фестивальдарға дайындайды.

Клуб жетекшісі – Айнұр Балтабаева.

Анықтама телефоны: 8-708-320-84-17.