Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы әрі деңгейі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды
Қазіргі жағдайда тәрбиеші — ең алдымен педагогикалық шеберлігі, ғылыми психологиялықпедагогикалық ойлау қабілеті жоғары, педагогикалық интуициясы дамыған, сыни тұрғыдан талдау жасайтын, озық педагогикалық тәжірибені орынды пайдаланатын, сонымен қатар кәсіби өзін-өзі дамытуды қажет ететін зерттеуші. Бұдан шығатын қорытынды, өзінің кәсіби шеберлік деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын, жаңашылдық енгізуге қабілетті тәрбиеші ғана оқу-тәрбие процесін сапалы жүргізе алады.
Балабақшада инновациялық технологияларды енгізу мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудің маңызды шарты болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инновациялық технологиялар қазіргі заманғы құрамдас бөліктер мен әдістемелерді жасауға бағытталған, оның негізгі мақсаты — оқу-тәрбие процесін жаңғырту болып табылады.
Инновациялық технологиялар — бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Балабақшада қолданылатын инновациялық технологиялардың негізгі түрлері: денсаулық сақтау технологиясы, жобалы ісшығармашылық технологиясы, әуенді кесте технологиясы, ақпараттық қатынастық технология, ойын технологиясы, триз технологиясы, монтессори технологиясы.
Бибігүлсін СЫЗДЫҚОВА,
«Улыбка» бөбекжайының тәрбиешісі.