15.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

09.04.2026 · 19:01 · admin

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің басшылығымен қазақстандық әскери делегация Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігінде болды.
Қазақстандықтар Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен егемендігі жолында қаза тапқан батырлардың қабірлеріне тағзым етіп, Шәһидтер аллеясына гүл шоқтарын қойды.
Сапар аясында Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – бас директор Агиль Гурбановпен кездесу өтті. Тараптар әскери, әскери-техникалық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.
Делегация мүшелері Бас жедел басқарманың, Халықаралық әскери ынтымақтастық басқармасының, Байланыс және ақпараттық технологиялар бас басқармасының қызметімен танысты. Олар үшін бөлімшелердің құрылымы мен қызмет бағыттары бойынша брифингтер ұйымдастырылды.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің Киберқауіпсіздік орталығы мен Н-ші әскери бөлімнің қызметіне ерекше назар аударылды. Бұл бөлімшелердің ерекшелігі – заманауи қару-жарақ жүйелерінің, ақпараттық технологиялар құралдарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасанды интеллект негізінде киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау.