Жәйрем кентіндегі Металлург көшесіне аяқжол яғни, жаяу жүргіншілер жолы салынады.
Жобаның жалпы ауданы – 1490 шаршы метр. Мердігері – «FERAZh-30» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бүгінде кентте бұл жұмыс басталып кеткен. Аталмыш мердігерлік ұйымның құрылысшылары ескі жол жиектеріне бөлшектеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта брусчатка төселетін орындардың негізін жоспарлау жұмыстары жүргізілуде.
Өз тілшіміз.