Ауған – жүректе қалған із

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Мағжан Жұмабаев айтқан «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» сарбаздар соғыстың қатеріне бел буып, ел үшін күресіп, жанқиярлық ерліктің ерен үлгісін көрсете білді. Қара жердің бетін қызыл қанға бояп, қанша жанға қасірет қамытын кигізген отты жылдардың қай жағынан қарасақ та, жақтап алар тұсы жоқ. Сол соғыстың бірі – ауған соғысы. Қасіреті мен қайғысы қатар келгенде соғыс зардабын шеккен ер-азаматтарымыздың  ұлы ерліктері естен кете қоймайды. Өткен күннің жарасы жазылғанымен оның таңдағы жүректерде мәңгі қалады. 

Сол жылдары Отан алдындағы борыштарын адал атқарған ерлер бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болмақ.

Өрімдей жас кездерінде ұрыс алаңына аттанған сарбаздардың басты міндеті – халықаралық терроризммен күресіп, есірткі бизнесінің шекарадан өтуіне тосқауыл қою еді.

Отанына аман-есен оралғандардың ерлігі ескеріліп, жыл сайын кентімізде «Ауған – жүректе қалған із»  атты іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Бұл іс-шара жастар орталығының дәстүріне айналып отыр.  Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен өтетін әрбір шара жастардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріліп, бастарынан өткен оқиғалармен бөліседі.

Жастардың патриоттық сезімін ояту және Ауған соғысында қаза тапқан жандардың рухына тағзым ету  мақсатында жыл сайын өткізілетін іс-шара осы жылы орталықтың жоспарына сәйкес  «Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ Жәйрем кенті маманының ұйымдастыруымен ақпан айында еске алу кеші өткізіледі деп жопарлануда.

Асылбек ТҰРАБЕКОВ,

«Қаражал қаласының жастар ресурстық

орталығы» КММ Жәйрем кенті маманы.