Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы

2023 жылғы 3 тамызда Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы, ал 4-5 тамызда Ауған тауарларының көрмесі өтеді. Бұл және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, дипломатиялық және гуманитарлық қатынастардың болашағы туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш пен сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев брифингте айтып берді.
Ауғанстан Қазақстан үшін ұн өткізудің басым нарығы болып табылады, ол осы тауар экспортының жалпы көлемінің 70% құрайды. Өткен жылы ұн жеткізу көлемі 52%-ға (2021 жылы 895 126 тоннадан 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін), бидай – 20% – ға (2021 жылы 571 704 тоннадан 2022 жылы 686 729 тоннаға дейін), күнбағыс майы – 6,2 есе (2021 жылы 2825 тоннадан 2022 жылы 17 576 тоннаға дейін), қара бидай жөнелтіле бастады. Сондай-ақ, Қазақстан Ауғанстанға бидай, күнбағыс майы, зығыр тұқымын жеткізеді. Жақында Ауғанстанға экспорт әртараптандырылды, дәрілік заттарды, тыңайтқыштарды және прокатты жөнелту тұрақталды.

– Орталық Азияның барлық елдерінің ішінде Ауғанстан Қазақстанмен сауда жасайды. Өткен жылы өзара тауар айналымы 1 миллиардқа жетті. Алдағы жылдары біз бұл көрсеткішті 3 миллиардқа дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді МТИ вице-министрі Қайрат Төребаев.