Қаражалдың 19 көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталды

Биыл жергілікті бюджет есебінен Қаражал қаласының 10,6 шқ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 537 799,4 мың теңге бөлінді. Жол жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды.

Бүгінгі таңда Қаражалдың 19 көшесіндегі барлық жұмыстар толық аяқталды. Мердігер ұйым — «Арқа Құрылыс 2009» ЖШС.