Құжаттарды тапсыру 14 жастан 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастарға қатысуға рұқсат етіледі. Қаражал қаласы бойынша 165 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, оның ішінде: 14-15 жас аралығындағы 115 адам, 16-35 (қоса алғанда) жас аралығындағы 50 адам.
Еңбек маусымына қатысу үшін мына мекенжай бойынша құжаттардың қағаз көшірмесін ұсыну қажет: Қаражал қаласы бойынша Сары Тоқа 1, Жәйрем кенті бойынша Металлургов 27, «Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ.
Құжаттар тізімі:
- «Жасыл ел» МТО еңбек маусымына қатысуға өтінім;
- өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. Егер кәмелетке толмаған болса, ата-анасының немесе заңды қамқоршыларының жеке куәлігінің көшірмесі бар жазбаша рұқсаты қажет болады;
- медициналық анықтама 027 (тіркеу орны бойынша емханадан алуға болады);
- әлеуметтік осал санатқа жататын мәртебені растайтын құжат (бар болса). Құжаттарды қабылдау мерзімі (файлдармен бірге) 15 сәуірден 30 сәуірге дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.
14-15 жас үшін жалақы мөлшері 90 000 теңгені (салықтар мен міндетті әлеуметтік жарналарды қоса алғанда), 16-35 жас үшін 110 000 теңгені (салықтар мен міндетті әлеуметтік жарналарды қоса алғанда) құрайды.
Қаражал қаласы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары ай сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жұмыс істейтін болады.
Байланыс телефоны: 8 (71032) 2-62- 28 — Қаражал қаласы, 8-771- 831- 64- 93 — Жәйрем кенті.