Қаражал қаласының учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Қаражал қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 және 19 – баптарына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының кейбір мүшелерінің өз міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Қаражал қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізетінін хабарлайды

Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап қалалық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірмені;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері қалалық мәслихаттың maslihat.garajal сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні көрсетілуі тиіс.

Қалалық мәслихат ұсыныстарды 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап 01 ақпан (қоса алғанда) аралығында (сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) төмендегі мекен-жай бойынша қабылдайды:

Қаражал қалалық мәслихаты, Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9.

Қалалық мәслихаттың хатшысы – Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова.

Материалдарды жинауға жауапты – қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Гүлім Құнанбайқызы Айтмағанбетова, жұмыс тел. 8(71032) 2-64-40, каб. 203, электрондық почта maslihatkarazhal@mail.ru