Қаражал қаласының әкімі Досаев Тлектес Темірбекұлы Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына келіп, өз таңдауын жасады.
№242 сайлау участігінде дауысын берген қала әкімі жергілікті «Қазыналы өңір» басылымының тілшісіне сұхбат беріп, сайлауға ұлт болашағы үшін, жастардың болашағы үшін келгенін атап өтті. Сондай-ақ, елімізде болып жатқан жаңа реформалардан зор үміт күтетінін айтты.