16.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты15.10.2026
Ақпарат ағыны

Қаражал қаласында Конституция жобасы бойынша мазмұнды кездесу өтті

24.02.2026 · 15:17 · admin

Бүгін Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қаражал қалалық мәслихатының депутаты, «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы ЖШС директоры Құрмансейітов Жалғасқан қатысып, Конституция жобасының негізгі өзгерістері мен толықтырулары бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізді. Кездесу барысында Конституцияның ел дамуы үшін маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін негізгі қағидалар кеңінен сөз болды. Ашық форматта өткен іс-шарада қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Алдағы республикалық референдум – ел өміріндегі маңызды саяси кезең болып, әрбір азаматтың таңдауы – ел болашағына қосқан үлесі екенін атап өтті.