Қызылордада тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Тартысты күрес барысында Қарағанды өңірінің өкілі Қожанәсіп Аңсаған алтын медальға ие болып, Түркияның Анталиядағы әлем чемпионатына жолдама алды.
Жарысқа 11 облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының өкілдері қатысты. Барлығы 104 ұлттық ойын шеберлері өзара бақ сынасты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында тоғызқұмалақтан Азия чемпионаты өткен болатын. Халықаралық турнирде Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Түркіменстан, Үндістан және т. б. елдерден 180-нен астам адам жарысқа қатысқан.
Ағайынды қарағандылықтар Қазақстан құрамасының құрамында екі медаль жеңіп алды: Қожанәсіп Аңсаған – блицте алтын, ал Қожанәсіп Асылхан – рапид бойынша күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетерлік, Қарағанды облысында 15 мыңға жуық адам тоғызқұмалақпен айналысады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша