Ана өмір – ана гүл!

Көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып тұратын ең мейірімді мерекелердің бірі – Халықаралық әйелдер күні. Қандай теңеу алсаң да, Құранның беттерін парақтасаң да ең алдымен ана жайлы ғибратты сөздер оқисың.

Аналар, жалпы жер бетіндегі арулар мерекесін өткен аптада біздің де өңір жоғары деңгейде атап өтті. Қаламыздың мәдени-сауық орталығында айтулы мерекеге орай ұйымдастырушылар дүйім жұртты жинап «Ана өмір – ана гүл!» атты салтанатты жиында қаламыздың үй шаруасымен қатар, түз тірлігін бірге алып жүрген, өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған аналарымыз бен аруларымызды марапаттады.
Ең алдымен өңір басшысы Айқын Елеусізов барша жұртты көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, гүлдей құлпырған аруларға ақжарма тілегінен кейін, қала әкімі марапатты батыр аналардан бастады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 421 Жарлығымен Алтын алқа төсбелгісін Мадина Тұрсынбекова мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 379 Жарлығымен Күміс алқа төсбелгісін Екатерина Запорожцеваға табыстады. Одан әрі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және жеке еңбек жетістіктері үшін Ұлытау облысы әкімінің алғыс хатымен «Қаражал қаласының әкімі аппараты» ММ бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі бақылау жасау бойынша бөлімінің бас маманы Шахризат Абдрахманова, «Қаражал қаласының әкімі аппараты» ММ бухгалтерлік есеп және қаржылық қызмет бойынша бас инспекторы Елена Семак, Қаражал қаласының «Мансап орталығы» маманы Айгүл Жұмабекова, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебінің» кіші қызметкері Шолпан Кулатаева марапатталды.
Келесі ретте, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық ізденістері және Ұлытау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Татьяна Мударова, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебінің» фортепиано пәнінің мұғалімі Жанар Орынбаева, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің ақпараттандыру бойынша әдіскері Алтынай Сыздықова мадақталды. Сондай-ақ, әлеуметтік қоғамдық істерге белсене қатысқаны үшін Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алғыс хатымен Қаражал қаласының «Мансап орталығының» маманы Нұрсұлу Таубаева, Қаражал қаласының «Мансап орталығының» маманы Әйгерім Нақыпбек, Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан жеке үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін Қаражал қаласы ауруханасының шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналды мемлекеттік кәсіпорынның балалар учаскісінің медбикесі Гүлназима Жолдыбаева марапатталды.
Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және жеке еңбек жетістіктері үшін Қаражал қаласының Құрмет грамотасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ұлытау облысы бойынша филиалының Қаражал қалалық тіркеу және кадастры бөлімінің маманы Жұмабике Водзаковская, Ұлытау облысы Полиция департаменті Қаражал қаласының полиция бөлімі тылмен қамтамасыз ету тобының инспекторы Сара Жүнісова және аймақ дамуына қосқан үлесі үшін қала әкімінің алғыс хатымен «Халық банк» акционерлік қоғамының Ұлытау облыстық филиалы №5 дербес сервис орталығының басшысы Мадина Амарханова, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назым Асанова, «Қаражал қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің күзетшісі Галина Бабушкина, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ұлытау облысы бойынша филиалының Қаражал қалалық тіркеу және кадастры бөлімінің бас маманы, тіркеуші Сәуле Байдилдина, Қаражал қаласы прокуратурасының аға прокуроры Жанар Шоқаева, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті, Қаражал қалалық бөлімінің қызметкері Аружан Бөкеш, «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұқаралық ақпарат құралдары бойынша маманы Мөлдір Дәулетбаева, «Қаражал қаласының әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы бойынша бөлімінің маманы Жадыра Асхатқызы, «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ үй жайларын жинаушы Амангүл Желібаева, «Қаражал қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі дзюдо балалар – жасөспірімдер мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесі басшысының оқу істері бойынша орынбасары Сандуғаш Мұқанбетқалиева, «Karazhal Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе менеджері Келбет Нильташова, «Mining Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері Виктория Семина, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайының аспазшысы Айткүл Таукенова, «Қаражал қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі бақылау жасау бойынша бөлімінің іс жүргізушісі Екатерина Тим марапатталды.
Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз-ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдерінің бар екенін ешкім жоққа шығара алмас. Марапаттан соң айтулы мерекенің себепкерлеріне арнап, қаламыздың жезтаңдай әншілері мен мың бұралған бишілері өнер көрсетіп, көрерменнің көңілін бір көтеріп тастады.
Қызметте абыройға, үйде әйел бақытына кенелген әрбір ару теңдесі жоқ марапатқа ие екені айқын. Қаламыздың нәзік жандылары «әйелдің орны – ошақ қасында» атты ғибратты ойды түйсе де, жұмысы отбасы тауқыметіне зияны тимей, барлық істі қатар дөңгелетіп, қаланың дамуына да өз үлестерін қосып жүргендіктері қазіргі батыр аналарымыздың айқын бейнесі. Тек 8 наурыз күні ғана емес, әйел үшін – әр күн мереке болса да артық етпейді.

Мөлдір ХАМИТҚЫЗЫ