Қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде қала әкімінің өкіміне сәйкес, Ақжол ҚҰРМАНСЕЙІТ Қаражал қаласы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.  

Ақжол Ахатұлы 1990 жылы 23 қарашада Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосында туған.

2008 жылы Каражал қаласындағы №7 орта мектепті бітірген.

Білімі – жоғары. 2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін тәмамдаған. Біліктілігі – экономист.

2016-2018 жылдары «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономика университетінің магистратурасында менеджмент мамандығы бойынша оқып, экономика магистрі дәрежесін иеленген.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қаражал қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы болып бастаған.

01.2013-02.2013 жж. – «Қаражал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушы;

02.2013-09.2014 жж. – «Қаражал қаласының жастар ісі жөніндегі орталығы» КММ директоры;

09.2014-03.2015 жж. – «Қарағанды облысының жастар бастамашылдығы орталығы» КММ директорының орынбасары;

03.2015-02.2019 жж. – «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры;

02.2019-11.2021 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары;

11.2021 жылдан бастап, жаңа тағайындауға дейін «Ұлытау аудандық «ULYTAU» газетінің редакциясы» ЖШС директоры.