Қазіргі таңда әлемнің мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан бізде өз халқымыздың дамып, өркениеттен қалмауы үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Себебі, бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Оған себеп бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға лайық деп ойлаймын.
№1 жалпы білім беретін мектепте қызмет ететін білімді, білікті ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері бар. Олар ағылшын тілін үйретуде әртүрлі қызықты әдістерді қолданып, грамматиканы сауатты қолдануды, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуда оқушыларды қызықтырып, жан-жақты болуға тәрбиелейді.
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында ұсынылған тақырыптар бойынша ертегілер, әңгімелер оқылып, оқылған шығарма бойынша түрлі тапсырмалар орындалды. Lesson Study циклы аясында зерттеу сабақтары өтті. Осы кезеңде әр мұғалім өзінің шеберлігін көрсете білді. «Бес саусақ», «Тарсия», «Көлеңке», «Бағдаршам», «Банка», «Блум түймедағы», «Спираль», «Пликерс» «Классрум платформасы» және тағы да басқа қызықты әдістер қолданып, мұғалім бағыттаушы болып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артты және жақсы нәтижеге жетті.
Қорыта айтқанда, ағылшын тілі біздің өмірімізде үлкен роль атқаратынын айтқым келеді. Ағылшын тілін білу неге маңызды? Оның себептері көп, бірақ соның 4 түрлі негізгі себептері мынада деп ойлаймын:
— ағылшын тілі — ғылыми тіл. Барлық симпозиумдар мен конференциялар ағылшын тілінде өтеді;
— ағылшын тілі — бизнес тілі. Халықаралық нарыққа шыққан кезде халықаралық тілге көшу немесе қызметкерлерді ағылшын тілінде оқыту қажет болады;
— ағылшын тілі — өнер тілі. Кейбір кітаптар, кинолардың немесе автордың жұмыстарына аударма жасау тікелей тыйым салынады, сол себепті оны қазақ тілінде оқи алмайсыз. Сондықтан шет тілін үйрену арқылы жаңа әлемге жол табасыз;
— ағылшын тілі — саяхат тілі. Яғни, кез келген шетелге демалғыңыз келсе ол жердегі қызметкерлер сізбен ағылшын тілінде сөйлеседі. Туристермен сөйлесу, қаланы аралау, көшеде кездесетін нұсқаулықтарды түсіну, шетелдерден достар тауып, олармен әлеуметтік желілерде тілдесу үшін ағылшын тілін білу қажет. Саяхаттау сізге екі есе әсер берсін десеңіз ағылшын тілін үйреніңіз.
Айгүл ТҰРҒАНБЕКОВА, №1 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.