Қаражал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде келесі акциялардың өткізілетінін хабарлайды:
1. «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы.
Бұл акция барысында әрбір азамат сатып алу немесе ақылы қызмет көрсету кезінде чекті талап етіп, ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Акция еліміз бойынша 2025 жылдың 3 сәуірінен 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.
2. «Бәйге» жаңа акциясы.
Бұл акция аясында белгіленген мерзім ішінде ең көп фискалдық чектерді тіркеген жеке тұлғаларға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Акция 2025 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін еліміздің барлық аумағында өткізіледі.
Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор әр өңірден бір жеңімпазды анықтайды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден), олар ең көп фискалдық чек сканерлеген 50 ең белсенді қатысушының арасынан random.org сервисін қолдану арқылы кездейсоқ таңдау жолымен анықталады. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Акция әр тоқсан сайын өткізіледі:
1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;
2-кезең: үшінші тоқсанда;
3-кезең: төртінші тоқсанда.
Аталған акцияларға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем жасалған чектерді тіркеу қажет.
Қаражал қаласы бойынша кірістер басқармасы