Бейбітшілік жеңісінің 80 жылдығы

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудеміз. Бұл – бүкіл адамзат тарихындағы ең қасіретті, ең ауыр соғыстардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, бейбітшілік жеңіске жеткенінің 80 жылдығы.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам азамат аттанды. Олардың көпшілігі қайтып оралмады. Қазақ жерінде құрылған әскери бөлімдер, тыл еңбеккерлері, аналар мен балалар – барлығы бір мақсатта, бір жүрекпен Жеңіс үшін еңбек етті.

Біз ерлікпен қаза тапқандарды, от пен оқтың арасынан аман шыққан ардагерлерімізді, майдан мен тылда жан аямай еңбек еткен ұрпақты ешқашан ұмытпаймыз. Олар бізге бейбіт күн мен ашық аспанды сыйлады.

Бейбіт өмірдің әр сәтін бағалап, ерлік пен отансүйгіштікті ұмытпайық.

Батырларға — тағзым, ұрпаққа

Отыншина Гаухар – «Атамекен» филиалы кәсіпкерлік палатасының директоры