Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Ерлік мәңгі жадымызда

2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы зор, тағылымы терең мереке. Бұл – фашизмге қарсы күресте жанын қиған жауынгерлердің ерлігін, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін еске алып, олардың ұлы мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізетін маңызды белес.

1941–1945 жылдары Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам азамат аттанып, оның жартысына жуығы елге оралмады. Олар Бресттен Берлинге дейінгі ұрыстарға қатысып, Мәскеу мен Ленинградты қорғап, Сталинград пен Курск шайқастарына қатысып, Берлинді алуға дейін жетті. Қан майданда 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Ал Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы сияқты тұлғалар – халық жадына мәңгілік енген ерліктің символына айналды.

Оспанбеков Елдос,Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы