13.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

Өрт қауіпсіздігі ережелері

04.05.2025 · 14:51 · admin

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қаражал қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері Қаражал қаласының аумағында орналасқан саяжай учаскелерінде өрт шығу қауіпін азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Аталған іс-шара барысында саяжай учаскелерінің иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық өткізіп, жадынамалар таратылды.

Құрметті Қаражал қаласының тұрғындары мен саяжай тұрғындары!

Өрт қауіпсіздігі – бәріміз үшін маңызды! Қоқысты өртеу тек табиғатқа емес, қауіпсіздігімізге де зиян келтіреді.

Қалдықтарды арнайы жою орындарына апаруды ұмытпайық. Бұл арқылы қала тазалығын сақтап, өрттің алдын аламыз.

Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі қала аумағында рейдтік жұмыстар өткізеді. Осыған сәйкес қоқысты өртеу фактісі бойынша құқық бұзушылық анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 336 бабына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салатындығын ескертеміз.

Қоқыстарды өртемей, қауіпсіздікті сақтайық!

Ануар ЕРҒАЗИЕВ,

 Қаражал қаласы ТЖБ бас маманы.