ҰОС – 80 жыл: Ерлік ешқашан ұмытылмайды

2025 жылы Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл – миллиондаған адамның өмірін өзгерткен, тарих бетін қайғымен де, ерлікпен де өрнектеген сұрапыл соғыс.

Біздің аталарымыз бен апаларымыз ұрыста да, тылда да жан аямай еңбек етті. Олар – болашақ ұрпақ үшін өмірлерін құрбан еткен нағыз қаһармандар. Сол бір қиын-қыстау кезеңде көрсеткен ерліктері мен төзімділіктері – бүгінгі бейбіт күннің негізі.

Біз бұл күнді тек тарих үшін емес, болашақ үшін еске аламыз. Ұрпақ жадында сақталып, бейбітшіліктің қадірін ұғындыру үшін.

Мәңгілік тағзым саған, Жеңіс жауынгері!

Тажитова Алтын Зарубаевна — Қаражал қаласының білім бөлімінің әдіскері