Қазақстан – көпұлтты, көптілді, көпмәдениетті ел. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – біздің басты байлығымыз, басты құндылығымыз.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан достық пен келісімге негізделген саясат жүргізіп келеді. Елбасы мен Мемлекет басшыларының сарабдал саясатының арқасында ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың бірегей үлгісі қалыптасты.
Бүгінде Қазақстанда әрбір ұлттың тіліне, діліне, дініне құрметпен қаралады. Ассамблея сияқты бірегей институттар арқылы халықтар арасындағы татулық пен түсіністік одан әрі нығаюда.
Тәуелсіз Қазақстанның мызғымас іргетасы – бірлік пен достық. Осы құндылықтарды сақтап, келесі ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Бірлігіміз бекем болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы