«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына және «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес және «Балық шаруашылығы су айдындарында «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 01-06/34 бұйрығының негізінде жануарлар мекендейтін ортаны қорғау, олардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру арқылы жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыру мақсатында, Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындары бойынша (Ұлытау облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі): Көксерке — 20 сәуірден 20 мамырға дейін, Сазан (тұқы) — 1 мамырдан 30 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады.
*** *** ***
2025 жылдың 15 сәуір-31 мамыр аралығында Ұлытау облысының балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» республикалық табиғатты қорғау, жыл сайынғы акциясы өткізілетінін хабарлайды. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, балық ресурстарын және олардың мекендеу ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ, балық шаруашылығы су айдындарына тасталған (иесіз) балық аулау құралдарынан тазарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің 17.02.2025 жылғы № 01-06/29 «Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауды сұрайды және «Таза су айдындары» акциясына белсенді қатысуға шақырады. Ұлытау облысы бойынша балық шаруашылығына маңызы бар 43 су айдындары бар.
Ұлытау облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі.