13.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

Ұлытауда әлеуметтік азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан 53 кәсіпкер жазаланды

11.04.2025 · 17:01 · admin

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан 53 кәсіпкер анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай, 2025 жылдың үш айында министрліктің Ұлытау облысындағы департаменті электронды шот-фактураларға талдау жүргізген.

«Арнайы құрылған комиссияның көмегімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына заңсыз ақша қосып сатқан 53 кәсіпкер анықталып, оларға 235 920 теңге айыппұл салынды. Көбінесе сүзбе, күнбағыс май, сиыр еті мен картоп қымбатқа сатылған», — деп хабарлайды дереккөз.

Айта кетейік, Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен 1 тоқсанда сиыр етінің бағасы – 3444 теңгеге, картоп 294 теңгеге, ал қырыққабат 246 теңгеге сатылуы керек.