13.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

18 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

05.04.2025 · 00:48 · admin

Ұлытау облысында 18 мектепке күрделі жөндеу жасалатын болды. Соның ішінде Қаражал қаласындағы екі білім беру ошағы да бар.

Өңірдегі білім беру ұйымдарын жаңарту мақсатында үш жыл қатарынан арнайы жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, 2024 жылы – 7 мектеп, 2026 жылы – 5 мектеп, 2027 жылы – 6 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Бұл ауқымды жұмысты Мемлекет басшысы тапсырған болатын.

Биыл жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім беру мекемелерінің қатарында:

  • Жезқазған қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектеп, №8 гимназия, №13 жалпы білім беретін мектеп пен №26 гимназия,

  • Қаражал қаласындағы №10 және №30 жалпы білім беретін мектептер,

  • Жаңаарқа ауданындағы «Ынталы жалпы білім беретін мектебі» бар.

Аманкелді АҚШАЛ