13.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

Президент Тоқаевтың Құрылтайдағы бастамалары: ғылым мен инфрақұрылымды дамытуға жаңа серпін

15.03.2025 · 15:18 · admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда екі жаңа ғылым қалашығын құру туралы мәлімдеді. Бұл бастама – қазақстандық ғылым мен инновацияны дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Ғалымдар мен инноваторлар үшін зерттеулер жүргізуге қолайлы орта қалыптасып, технологиялық даму жеделдейді.

Сондай-ақ, Президент өңірлерде жаңа спорт кешендері, медициналық және өнеркәсіптік нысандар, жолдар салынатынын және туризмді дамытуға басымдық берілетінін айтты. Бұл шешімдер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етіп, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Мауленина Айгул Куловна -Қаражал қалалық мәслихатының депутаты, “AMANAT”партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы