Дәрігер мамандығы – жай ғана кәсіп емес, ол – үлкен жауапкершілік, шынайы жанашырлық пен қажырлы еңбекті талап ететін қасиетті жол. Адам өмірінен артық құндылық жоқ, ал сол өмірді сақтап қалуға, денсаулықты нығайтуға үлес қосатын ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық.
Дәрігерлер күн сайын көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді. Олар күндіз-түні науқастарды емдеп, олардың сауығып кетуі үшін барын салады. Әсіресе пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің маңыздылығы мен еңбегінің қаншалықты жоғары екендігіне барлығымыз куә болдық. Өз өмірін қауіпке тігіп, адам өмірін сақтап қалуға тырысатын дәрігерлер – нағыз батырлар.
Дәрігер болу – тек медициналық білім алып, науқастарды емдеу емес, бұл – үлкен жүрек пен шыдамдылықты, жанашырлық пен мейірімділікті талап ететін мамандық. Әрбір дәрігер – өз ісінің майталманы, ол тек ауруды емдемейді, адамдарға үміт пен сенім сыйлайды.
Бүгінгі таңда медицинаның дамуы, халықтың денсаулығын жақсарту, өмір сапасын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барлығында дәрігерлердің еңбегі зор. Әрбір азамат дәрігерлердің еңбегін бағалап, оларға құрметпен қарауы тиіс.
Саянова Индира Сапархановна
Врач Акушер-гинеколог, категория 2, стаж работы 7 лет