2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. Сол Жолдаудағы алға қойылған 9 міндеттің ішінде, бесінші міндетке ерекше тоқталғым келіп отыр. Онда былай делінген:
БЕСІНШІ МІНДЕТ. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.
Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет.
Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды.
Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады.
Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады.
Осы ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Мемлекет қаржысын университеттің бәріне шашыратып, оңды-солды тарата беруге болмайды.
Менің ойымша, Жаңа Қазақстанды құру жолында Президентіміздің Жолдауын орындауда, біздің атқаратын роліміз аса маңызды!
Жәйрем кенті әкімі аппаратының бас маман заңгер
Еликбаева Айнур Еркиновна