Өткен талқыланып, болашақ жоспарланған сессия

Қаражал қаласы әкімдігінің ғимаратында қалалық мәслихаттың кезекті ХХV сессиясы болып, Қаражал-Жәйрем өңірінде 2024 жылда атқарылған жұмыстар талқыланып, 2025 жылда атқарылатын жұмыстардың бюджеті бекітілді.

Аталған отырысты Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы Зәмзагүл Оспанова ашып, кворумды анықтап, сессия жұмысын бастады. Сессия жұмысына мәслихат депутаттарымен қатар, қала әкімі Айқын Елеусізов, Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов, Қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Кезекті ХХV сессияның секретариатының құрамына мәслихат депутаты Гауһар Наурызбаева басшылық жасап, құрамына мәслихат депутаттары Берік Шікіров және «Қаражал қалалық мәслихат аппараты» ММ бөлім басшысы Ақелік Нұрмағанбетова сайланды.

2024 жылдың соңғы сессиясының күн тәртібінде Қаражал қалалық мәслихаты депутатының мандатын беру туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқық қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы және төрағасын сайлау туралы» № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 наурыздағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» № 10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, 2025- 2027 жылдарға арналған Қаражал қаласының бюджеті туралы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының Қаражал қаласында іске асырылу барысы туралы, «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ атқарған жұмыстары туралы есебі, «Қаражал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ атқарған жұмыстары туралы есебі, «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ атқарған жұмыстары туралы есебі, Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 «Тұрғын үй сертификатының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 133 «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі V сессиясының № 48 «Қаражал қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия» құрамын бекіту туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 207 «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі қалалық кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы XVI сессиясының № 136 «Қаражал қаласы аймағының аумағындағы жер учаскелерін меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі комиссияның құрамы және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы XVIII сессиясының № 159 «Қаражал қаласының әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы» шешімін жою туралы, қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқық қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының орындаған жұмыстары туралы есебі, қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өндіріс және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының орындаған жұмыстары туралы есебі, қалалық мәслихат төрағасының атқарған жұмыстары туралы есебі, Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары туралы, «Қаражал қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған құрылымын бекіту туралы, «Қаражал қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы мәселелер кірді.
Сессияның негізгі жұмысына кіріспес бұрын Қаражал қалалық мәслихатының депутаты Айтуған Оханның басқа қалаға қоныс аударуына байланысты босаған орнына сайланған Рымғали Мұздыбаевқа мандат тапсырылып, төсбелгісі ілінді.
Әрі қарай сессияның басты мәселесі 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нұргүл Әбдірахманова баяндама жасап, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, облыстың 2025-2029 жылдарға арналған өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжам жобасын ескере отырып, жалпы, үш жылдық кезеңде қалалық бюджеттің жоба түсімдері мен трансферттері: 2025 жыл – 8481,2 млн теңге, оның ішінде: (жергілікті меншікті кірістер – 5327,7 млн теңге, трансферттер түсімдері – 3 153,4 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 985,0 млн теңге, облыстық бюджет есебінен – 2061,1 млн теңге, субвенция көлемі – 107,3 млн теңге), 2026 жыл – 5513,8 млн теңге, оның ішінде: (жергілікті меншікті кірістер – 5513,8 млн теңге), 2027 жыл – 6390,6 млн теңге, оның ішінде: (жергілікті меншікті кірістер – 5890,6 млн теңге, трансферттер түсімдері ОБ- 500,0 млн теңге ) көлемде қаралғанын айтып өтті. Қаражал-Жәйрем өңірінің бар қаржысына талдау жасаған Нұргүл Жолшыбекқызының баяндамасы бойынша қалалық бюджет шығыстары үш жылдық кезеңде: 2025 жыл – 8 481,2 млн теңге, 2026 жыл – 5513,8 млн теңге, 2027 жыл – 6390,6 млн теңгені құрайтыны айтылды. Сонымен қатар, 2025-2027 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелері толық 100% көлемде қамтылғаны, оның ішінде: әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін жәрдемақылар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға қарастырылғаны жеткізілді.
Сондай-ақ, 2025 жылға республикалық және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдері – 3046,1 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 985,0 млн теңге қарастырылады, ол қаражат: (Ұлытау облысы бойынша Қаражал қаласы мен Жәйрем кентін газбен жабдықтау жобасы – 805,3 млн теңге, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға – 6,5 млн теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 17,9 млн теңге, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге — 1,5 млн теңге, Қаражал қаласы мен Жәйрем кенті бойынша 2025 жылға көп балалы және әлеуметтік деңгейі төмен топтарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алуға — 153,9 млн теңге), облыстық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдері – 2061,1 млн теңге, оның ішінде, ол қаражат: (Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта жаңарту, 2 кезек –951,0 млн теңге, Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта жаңарту, 2 кезек – 597,3 млн теңге, Қаражал қаласында көліктерге арналған тұрағы бар гараж құрылысын (өрт сөндіру бекеті) салуға – 512,8 млн теңге) екені хабарланды.
Субвенция көлемі – 107,3 млн теңге, бұл қаражаттар: азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын 100 % көтеруге – 59,3 млн теңге, мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына, спорт лауазымдық айлық ақысына 35% қосымша ақылар белгілеуге — 48 млн теңге, 2025 жылға арналған қалалық бюджетте кенттер бюджеттеріне қалалық бюджеттен берілетін субвенциялардың мөлшері — 427,7 млн теңге сомасында қарастырылады, оның ішінде Жәйрем кентіне — 406,2 млн теңге, Шалғы кентіне – 21,6 млн теңге жоспарланғаны, кент бюджеттеріне қалалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі – 574,9 млн теңге Жәйрем кентіне қарастырылғаны баяндалды.
Қаншама маңызды жұмыстарға жоспарланған қаржылар жөніндегі баяндамадан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе 2025-2027 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы баяндамалар тыңдалды.
Өз кезегінде сөз алған Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ержан Бейсембаев Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есебін берсе, Қаражал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ербол Мамбетов «Қаражал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есеп берсе, «Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мергенбай Сембек Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының Қаражал қаласында іске асырылу барысы туралы баяндады.
Күн тәртібімен өз кезектерінде сөз алған Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Сатановтың Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есебін, Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Анар Молдабаеваның Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 «Тұрғын үй сертификатының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мергенбай Сембектің Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі V сессиясының № 48 «Қаражал қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Гүлмира Исинаның «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы», Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 207 «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі қалалық кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Қаражал қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Жанат Сатановтың Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы XVI сессиясының № 136 «Қаражал қаласы аймағының аумағындағы жер учаскелерін меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі комиссияның құрамы және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы XVIII сессиясының № 159 «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы» шешімін жою туралы баяндамаларын, қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқық қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марлан Шамбуловтың қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқық қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының орындаған жұмыстары туралы, қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өндіріс және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Айгүл Мауленинаның қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өндіріс және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының орындаған жұмыстары туралы, Қаражал қалалық мәслихаттың төрағасы Зәмзагүл Оспанованың Қаражал қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы есеп беру баяндамаларын тыңдадық.
Мазмұны да, құрамы да өте салмақты сессияның соңында «Қаражал қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған құрылымы бекітілді.
Күн тәртібінде жоспарланған барлық мәселелер жөніндегі есеп беріліп, баяндамалар тыңдалған соң, сессияға қатысып отырған мәслихат депутаттары өз сұрақтарын қойып, бірқатар проблемаларды талқылады.
Мысалы, Қаражал қалалық мәслихаттың депутаты Марлан Шамбулов Жәйрем кентіндегі апатты үйлерді жоюға қанша қаражат қарастырылғанын, алғашқы құрылысшылар саябағы құрылысы туралы, кенттің бас жоспарында бар оқушылар сарайы құрылысы туралы, мұсылмандар қорымын қоршау, ТКШ теңгеріміндегі үйлерді күтіп-ұстау, 15-20 жыл болған үйлерге, пәтерлерге өз аттарына түсіруге рұқсат беру, Жәйрем кентіне ТКШ толық 1 бірлік, маман беру туралы, Жәйрем кентіне шаруашылық мақсатта пайдаланатын суға қаражат қарастыру туралы мәселелерін көтерсе, депутат Нұрбек Құлжанов кейінгі уақытта қаражат көп бөлінбей жатқан «Казцинк» компаниясымен арадағы меморандумға көп сене бермеу керектігін алға тартып, техника алу бойынша, «Жәйрем Болашақтың» Жарғылық капиталын жергілікті бюджеттен толтыру мәселесін қозғады. Мәслихат депутаты Арынғазы Тәкібаев Қаражал қаласындағы 25 орамдағы 8, 10, 20, 8а үйлерді қайта жасауға жоспар бар- жоқтығын сұрап, көшеде орналасқан бақылау камераларының жұмыстарын қозғады. Депутат Гауһар Наурызбаева Жәйрем кентіндегі 2 орамдағы апатты көп қабатты үйлер мен жақында ғана қолданысқа берілген су жаңа жер үйлердің сапасына қатты алаңдаушылығын білдірді. Жәйрем кентіндегі жергілікті қауымдастық төрағасы Асқарәлі Омаров мектептер мен балабақшаларды күтіп-ұстауға қаражат қайдан қарастырылатынын, ТКШ бос тұрған пәтерлері неге жөнделмейтінін қозғады.
Бірнеше сағатқа созылған сессияда қозғалған барлық тақырыпқа, қойылған бірнеше сұраққа қала басшысы Айқын Елеусізов жауап беріп, әр сұраққа жауапты мекеме басшыларына қатаң тапсырма беріп, барлық қатысушылар 2025 жылдың бюджетін бекітті.
Ел үшін, халықтың мүддесі үшін атқа қонған мемлекеттік қызметкерлер де, халық қалаулылары да, өңіріміздің көркейіп, гүлденуіне үлес қосатын мердігерлер де адал еңбек етсе, жоспарланған барлық ауқымды жобалар сапалы және уақытылы жүзеге асса, Қаражал-Жәйрем өңірі Жаңа Қазақстанға аяғын нық басары анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,
Қаражал қалалық мәслихат депутаты.