Заң және Тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі

Елімізде сот және құқық қорғау жүйелері қоғамның Әділетті Қазақстан құруға деген сұранысына сай реформалануда. Соттар, прокуратура және полиция Заң мен азаматтардың құқықтарын қорғау жолында қызмет етуде.

Заң – баршаға ортақ, оны барлығы мүлтіксіз сақтауы тиіс. Заңнамалық қайшылықтар азаматтардың мүддесіне сай шешіледі. Әр адамның ар-намысы, қадір-қасиеті және заңды құқықтары құрметке ие.

Әділеттілік пен тәртіп орнаған елде ғана тұрақты даму мен өркендеу болады. Әрқайсымыз Заңды сыйлап, оны сақтауға өз үлесімізді қосайық!