КМҚК “Балдырған” бөбекжайының қызметкері,шаруашылық меңгерушісі Күзенбай Айдана 2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялап, алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталып өтті.
СЕГІЗІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.
Мен “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастырды. Олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастады.
Дегенмен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек. Менің ойымша, Жолдауда аталып өткен барлық бағыттарды дұрыс іске асырсақ – Жаңа Қазақстан құрудағы басты атқарған міндет орындалды деп айтуға болады.
КМҚК “Балдырған” бөбекжайының шаруашылық меңгерушісі Күзенбай Айдана