2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша жалпы өңірлік өнім 799 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өскен.
Жан басына шаққанда, бұл көрсеткіш 3,6 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті және ол республикадағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады (4 орын, ҚР – 2,6 млн тг).
Облыстың өңірлер экономикасының негізгі көрсеткіштерін талдау барысында, әлеуметтік-экономикалық даму рейтингінде Жезқазған қаласы көш бастап тұр.
Қала экономикасы өсімінің негізгі драйверлері құрылыс (2 есе), өнеркәсіп (+17,8%), тұрғын үйді пайдалануға беру (+16%) және инвестициялар (+3,6%) болды.