Жасөспірімдерге дәріс берілді

Қаражал қаласы прокуратурасының бастамасымен 4-5 қараша күндері қаладағы барлық білім беру ұйымдары мен Қаражал тау-кен техникалық колледжінде «Жасөспірімдердің құқықтық санасын жоғарылату, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізілді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге тәрбие, ар-намыс, заңға және қоғамға деген құрмет сияқты негізгі құндылықтар туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, нашақорлық, суицид, жыныстық тиіспеушілік, терроризм, буллинг, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрудің талаптары, интернет ойындар және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.