Ұлытау облысында мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда өткен аптада «30 жылдыққа – 30 шырша» акциясы өткізілді. Бұл шарада өңір депутаттары 30 түп шырша отырғызды.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов мәслихаттардың 30 жылдық мерейтойы құрметіне облыста әлеуметтік, спорттық, экологиялық іс-шаралар жоспарланып, барлық деңгейдегі депутаттардың белсенді түрде қатысқанын атап өтті. Бұл акцияға өңір басшысы Дастан Рыспеков та қатысып, өз қолымен шырша отырғызды.
Жезқазған қаласының жасыл желекке орануына үлес қосқан бұл шара облыстық, қалалық, және аудандық мәслихаттардың депутаттарының бірлескен еңбегінің айқын дәлелі болды.