Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауы Қазақстанның дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдарды қамтыды. Оның ішінде әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды тиімді ету жөніндегі ұсыныстары еліміздің тұрақты әрі өркениетті даму жолында маңызы зор. Президенттің жастарды қолдауға, цифрлық экономиканы дамытуға және экологиялық мәселелерге көңіл бөлуі қоғамның әр саласын қамтып, елдегі тұрақтылық пен даму үшін оң нәтижелерге әкелетіні сөзсіз. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шаралары, соның ішінде әлеуметтік қолдау мен тұрмыс сапасын жақсарту туралы айтқандары көпшіліктің көңілінен шығады.
Мұхамеджанова Алмагүл Есенбаевна.
Мәдени-сауық орталығының әдіскері.