Құрметті жерлестер!
Мемлекет басшысы: “1990жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды. Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символына айналуы тиіс”- дейді.
Декларацияның айырықша рөлі- Қазақстанның алғаш рет өзіндік дүниетанымы, салт- дәстүрлері, сондай-ақ, болашақты пайымдауы бар бірегей аумақтық субъект ретінде жариялануы. 2009 жылға дейін Ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде бүкіл халықтың қатысуымен аталып, қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің ең басты Ұлттық мерекесі болып қайта оралды.
Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту- бұл Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихы бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігі құрметтеудің символына айналмақ.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді ұлттың ұлы мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық және еңбекте табыс тілейміз.
ҚАРАЖАЛ қалалық Мәслихат төрағасы
З. ОСПАНОВА