Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы – әрбір қазақстандық асыға күтетін еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі.

Президент Жолдаудың бағыттарын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар мен іс-шараларды айтып, түсіндірді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде экономикалық саясат, бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту, азаматтарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау, экологиялық жағдайды жақсарту және басқа да мемлекетіміз үшін аса маңызды міндеттер сияқты түрлі салаларға тоқталды.

Қазақстан Президенті Жолдауда халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ол үшін алтыншы бағыт бойынша Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы бірлік болған жерде өмір бар екенін еске салды, өз Жолдауының негізгі сәті ретінде ол ел азаматтарын елімізге адал қызмет етуге, абыройлы еңбек етуге, терең білім алуға және шаршамай еңбек етуге шақырды.

Байзакова Бактыбала Зикировна

Қаражал қаласы білім бөлімінің “№5 бастауыш мектебі” КММ-нің мектеп меңгерушісі