АЭС-тің артықшылықтары мен маңызы

Жалпы АЭС-тің артықшылықтары мен маңыздылығы туралы сөз қозғағанда мен мына бір жағдайларды басым айтқым келеді.

АЭС үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, әсіресе халық саны көп аймақтар үшін маңызды. Сондай-ақ, атом электр станциялары парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық.
Ал, кемшіліктеріне келер болсақ, АЭС апат жағдайында үлкен қауіп тудырады. Чернобыль мен Фукусима апаттары оның ауыр зардаптарын көрсетеді. Сонымен қатар ядролық қалдықтарды қауіпсіз сақтау үлкен проблема болып табылады. Олар жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы радиациялық қауіп төндіруі мүмкін. Меніңше, АЭС салу және оны іске қосу өте қымбат, сонымен қатар оны дұрыс басқару үшін жоғары білікті мамандар қажет.
Өз басым АЭС-тің артықшылықтары мен кемшіліктерін осылай қарастырдым,

Мухан Акерке Хайрбекқызы