АЭС құрылысы — еліміз үшін қажет шешім

6 қазан елімізде АЭС салуға байланысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.
Қазақстанның қазіргі энергетикалық балансы әлі де көмірге тәуелді. Бұл елдің экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, экологиялық тұрғыдан да үлкен қауіп төндіруде.
Қазба отынын жағу қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да айтарлықтай зиян келтіреді.
Қазақстанда АЭС салу қажеттілігі бірнеше себептерге байланысты: елдің экономикалық өсуі мен халық санының артуы электр энергиясына деген сұранысты арттыруы, елдегі ескірген энергетикалық инфрақұрылымның тозуы,
АЭС-тің құрылысының Қазақстанның көмір мен газға тәуелділігін төмендетіп, атмосфераға бөлінетін көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беруі.
Адам саны артып жатыр, экономика өсіп, жаңа зауыттар салынып жатыр. Электромобиль саны да өсіп жатыр. Тұтыну көлемі жылдан-жылға арта береді. Жел, күн сияқты баламалы энергия электр станциялары да салынып жатыр.
Баламалы энергия станциясы АЭС сияқты 30-40 жыл жұмыс істемейді. Атом электр станциясы тәулігіне 24 сағат істейді. Сондықтан, АЭС құрылысы еліміз үшін қажет шешім деп санаймын.

Дүкенбаев Ұлан Тәттібайұлы,

Қаражал қаласы «Өнер мектебі» ҚМҚК директорының м.а.