АЭС құрылысы- еліміздің маңызды жобасы

6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстан болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екендігі белгілі.
Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр болып отыр. АЭС құрылысы – бұл алдағы ұзақ жылдарда елдің табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба болады деп ойлаймын.
Атом электр станциясын салу қазіргі заман талабы. Себебі, еліміздің экономикалық дамуы, әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын арттыру энергетика саласымен байланысты.
Халықтың жағдайын жақсарту, экономикалық тұрақтылықты арттырудың бірден-бір жолы – атом энергиясының әлеуетін пайдалану. Атом энергиясын экспорттаудың арқасында экономика қуаты артады, инновациялық жобалар көбейеді, әрі дамиды.
Еліміз атом энергетикасын бейбіт мақсатта қолдана отырып, халықаралық аренадағы позициясын нығайта алатыны анық .

 

Сатанов Марат Рахимжанович “ Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” ММ-нің басшысы