14.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Жолдау

Референдумда дауыс саны 50 пайыздан асса, халық АЭС құрылысын қолдайды деген сөз – Ерлан Саиров

03.09.2024 · 10:46 · admin

Референдумда дауыс саны 50 пайыздан артық болса, онда халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды деген сөз. Мұндай пікірді Президент Жолдауынан кейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров білдірді.

«Бізде – демократия. Сондықтан бір жылдың ішінде жан-жақты талқыланды. Демократия болғандықтан, жақтаушылар да, қарсылық танытушылар да болады. Меніңше, АЭС Қазақстанға қажет. Өйткені, экономика дамып келе жатыр. Экономика дамығанмен оған жеткілікті энергия көздері жоқ. Электр энергиясын Ресейден импорттап отырмыз. Мұның үстіне импорт қымбатқа түседі. Ал азаматтардың дауысының естілгені не естілмегені алдағы 6 қазанда белгілі болады. Егер референдумда дауыс саны 50 пайыздан артық болса, онда халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды деген сөз», — деді Ерлан Саиров.