Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облысының бас имамы болып Бейбіт Жансарин тағайындалды.
Ол бұған дейін Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің имамы қызметін атқарды.
Жаңадан тағайындалған бас имамды жұма уағызы кезінде өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ төрағасының орынбасары-наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы таныстырып, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.
Өз тілшімізден.