Жолдауда жүргізіліп жатқан реформаларды түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажеттігін дәлелді айтты. Сондықтан болар Жолдауда еліміз шикізат өндіруші ғана емес, мемлекетіміздегі өнеркәсіпті дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Осы орайда бірқатар міндет атап көрсетілді. Ел экономикасының драйвері ретінде туризм саласы мен «жасыл» экономика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік логистикасы назардан тыс қалмады. Бізде бұл салаларды серпінді түрде дамытуға мүмкіндік мол екені рас. Ол үшін Жолдауда қордаланған мәселелік проблемаларды шешудің жолдары көрсетіліп, қажетті іске асыру шараларының
алгоритмі жауаптар ретінде берілді. Солардың басты өзегі ретінде – жаңа экономикалық үлгіге көшу қажеттігі тілге тиек етілді.
Бұл Жолдау Жаңа Қазақстанда Әділетті қоғам орнату үшін жеке тұлғаның қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыратыны хақ.
Жалғасбек САЙЛАУБЕКОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы