Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның салауатты даму жолына байсалды барьер мен әлеуметтік зұлымдық болып табылады, жоюды және араласуды талап етеді. Негативтік құбылыстың пайда болуының нақтылы шарттарын және зардаптарын, оның мәнін толықтай және нақтылы білумен ғана тиімді күрес жүргізу мүмкін емес.

Үйреншікті түсінігімізде сыбайлас жемқорлық алдымен мемлекеттік қызметпен байланыстырылады. Расымен де мемлекеттік қызметшілер елеулі өкілеттіктер көлеміне ие бола отырып және жиі бақылаусыз әрекет ете отырып, лауазымдық ережені өз мүддесіне қарай қолдануына толықтай мүмкіндікке ие, демек бұл мемлекет мүддесіне қарама-қайшы.
Әрбір мемлекеттік мекеме қызметкерінің борышы және бастапқы міндеттерінің бірі болып мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Бүгінгі күнде қазынашылық жүйе мекемелерінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жүйелік және кешенді сипат алуда, сонымен бірге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңнамасын жүзеге асырудағы шаралары мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» ұстануына негізделген.
Қазынашылық мекемелерінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлықтың айқындатушылықтарын жоюға жұмыстар атқарылады.
Бюжеттің атқарылуында ең жақсы нәтижелі жетістіктерге жету мақсатында, мемлекеттік мекемелер мен қазынышылық арасында жұмыстың ашықтығын айқындауға ақпараттық жүйе «Қазынашылық-Клиент» енгізілген бұл жүйеде мемлекеттік мекемелер модемдік байланыс көмегімен және бөлінген ғаламтор жолымен орындалуға арналған қаржылық құжаттарды ұсынады.
Осы мәселе бойынша Қаражал қалалық қазынашылық басқармасы тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Тұрақты жұмыс істейтін құқықтық білімдер мектебі құрылып, оның жұмысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мәселелері, ҚР нормативтік-құқықтық актілері, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланады.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы құқық бұзушылықтар туралы азаматтардан келіп түскен хабарламалар мен өтініштер бойынша жедел әрекет ету мақсатында қалалық қазынашылық басқармасында сенім телефоны жұмыс істейді (26700).

Самал ТУСИПОВА,
Қаражал қалалық
қазынашылық
басқармасының басшысы.