Табиғат. Адам. Өмір. Адам мен табиғат бір-біріне тығыз байланысты. Табиғат–өте ауқымды, кең ұғым. Сол әлемнің кішкентай бөлігі жануарлар және оларды қорғау ұрпақ міндеті. Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы — адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді. Қалалық және ауылдық мекендерде көше кезген ит мысықтарды жиі кездестіреміз. Үйжануарын асырап алған соң, оның екпесі мен тамағының тұрақтылығы адамның мойнындағы міндеті. Аш әрі үйсіз қалып тоңған жануардың кенеттен адам баласына шабуыл жасауы да белгілі. Ит немесе мысық тістерінің бактериалары, қанға сіңсе адам өміріне қауіп төндірері анық. Қазіргі уақытта жануарларды қорғау заңына сәйкес тіпті иесінің рұқсатынсыз атуға да тиым салынған. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңының, жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаттарына тоқталатын болсақ:3-бапта көрсетілгендей жануарларға ауырсыну мен физикалық қиналуды сезіне алатын тіршілік иесі ретінде қарау; жануардың тіршілігі, саулығы мен амандығы үшін иесінің дербес жауапты болуы; жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау; халықты жануарларға адамгершілікпен және ізгілікпен қарауға тәрбиелеу жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаттары болып табылады. Жануарларды қорғау — қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бөлігі. Кім кімде болмасын асыраған жануарларына құрметпен қарап, оны қараусыз қалдыруға жол бермегені абзал.