утилизациялық алымның көлемін қайта қарауға шақырып, елдегі утилизациялық алым мәселесіне уақтылы назар аударды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте сөйлеген сөзінде «Халқымыз үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық»,- деп үндеу тастағаны белгілі. Жаңа Қазақстанда авторитарлық саяси жүйе емес, демократиялық саяси жүйе басымдық алуы қажет. Оның ішінде өндіруге, өнеркәсіпке басымдық берген жөн. Бірінші кезекте күнделікті тұтынатын тауарлар өндіруді қолға алу керек. Статистикаға сүйенсек, халықтың табысының 70 пайызы күнделікті тұтынатын тауарларға жұмсалады. Өкінішке қарай, Қазақстанда осындай өнімдердің басым бөлігі импорттық тауарлар. Сәйкесінше, табысымыздың қомақты бөлігі шетелге кетіп жатыр. Осылайша, елдегі экономикада ақша айналымы азаяды. Мұндай тығырықтан шығатын жалғыз жол – өндіруге басымдық беру. Азық-түлікке, ауыл шаруашылығына, жеңіл өнеркәсіп, киім өнеркәсібіне көңіл бөлу керек. Егер күнделікті тұтынатын тауарларымыздың бәрін өзіміз шығарсақ, қаржыны елде сақтап қаламыз. Тиісінше, халықтың тұрмысы да жақсарады, мемлекеттік қазына да ортаймайды.
Ардақ Тілекенов,
Түгіскен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы