Елімізде қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдарды қолдау күні болып белгіленген. Қазір елімізде ерекше қажеттілікке мұқтаж 7 мыңнан аса адам тұрады.
Дәл осы аталмыш мерекеге орай өткен аптада «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен мәдени-сауық орталығында дойбы және дартс атты спорттық ойындардан жарыс өтті. Жалпы бұл шараның басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды дене шынықтыру мен спортқа тарту.
Қаламыздың ерекше азаматтары ойын барысында өте қызықты да тартысты жарыс өткізіп, белсенділік танытты. Нәтижесінде дартс спорттық ойыны бойынша 1 орынды Сергей Иосафатов, 2 орынды Жамиля Шатина, 3 орынды Нүркен Сәрсекеев иеленді. Сондай-ақ, дойбы спорттық ойыны бойынша 1 орынға Бөлеген Шойынбай, 2 орынға Жамиля Шатина және 3 орынға Александр Шмелев ие болды.
Жеңімпаздар, жүлдегерлер және барша қатысушыларға ұйымдастырушылар грамоталар, медальдар, сертификаттар мен сыйлықтар табыстады.
Дәл осындай іс-шаралардың жиі өтуін барша қатысушылар қалайтыны анық. Өйткені, ерекше спортшылардың басын қосып, ұмытылмас эмоциялар сыйлайтыны айдан анық. Қызығушылықтары ұқсас адамдар бір-бірімен тіл табысып, бәсекелестік сезімін бастарынан өткереді.
Мөлдір ОМАРОВА