Қамдық ойдағыдай

Алда қатал сыншы қыс келе жатыр. Ал оған ерте бастан қамдық жасамасаң опық жейсің. Осыны жақсы білетін коммуналдық шаруашылық саласының мамандары жаздан бері жылу қазандықтары мен желілерін жөндеуді қолға алған еді. Қазір шаруаның беті қайтып, кейбір жайттарды пысықтау ғана қалды.

Алда қатал сыншы қыс келе жатыр. Ал оған ерте бастан қамдық жасамасаң опық жейсің. Осыны жақсы білетін коммуналдық шаруашылық саласының мамандары жаздан бері жылу қазандықтары мен желілерін жөндеуді қолға алған еді. Қазір шаруаның беті қайтып, кейбір жайттарды пысықтау ғана қалды.

Қаражал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі берген ақпаратқа қарап осылай деп айтуға болады. Мәліметтің мәтіні қамдық ойдағыдай дегенді айтады.

–  Жалпы, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымын дайындау және өткізу мақсатында тіршілікті қамтамасыз етудің барлық нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Өңірде тұтынушыларды жылумен жабдықтау үшін 28 дербес жылу жүйелері және 2 қатты отын қазандықтары жұмыс істейді. Олардан шыққан жылу аймақ бойынша жалпы ұзындығы 3,2 метрді құрайтын жылу желілері арқылы жеткізіледі. Міне, осы нысандардың бәрінде кестеге сай жұмыстар жүргізілді, – дейді қалалық ТҮКШ және ТИ бөлімінің бас маманы Дархан Шәмен.

Бас маманның айтуынша жыл басында Қаражал қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі үшін блоктық-модульдік қазандық салу жоспарланған. Конкурстық шаралар өткізіліп «Жанэм» ЖШС ұтып алған. Қазіргі күні жұмыстар аяқталыпты. Сондай-ақ, Қаражал қаласында тау-кен техникалық колледжі үшін блоктық-модульдік қазандық салуға қажетті қаражат бөлінген, есепті кезеңге конкурстық шаралар жүргізілуде.

– Мұндай ауқымды жұмыстар Жәйрем кентінде де жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, кенттегі №10 жалпы білім беретін мектепке қуаттылығы 1,5 мың кВт болатын блоктық-модульдік қазандықты орнату үшін қажетті қаржы бөлініп, конкурстық рәсімдер аяқталды. Мердігер  «Big hand» ЖШС. Жұмыстар бір апта көлемінде аяқталады. Мұның сыртында, Жәйрем кентінің №30 жалпы білім беретін мектебінің қазандық ғимаратында 3 қазандықты ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым – «Lacasa de Papel» ЖШС. Сол сияқты, №11 жалпы білім беретін мектебінің сыртқы жылу құбырларын айырбастау қажеттілігі туындаған болатын. Бұған қажетті қаражат бөлінді. Конкурстық шаралар өткізілді. Мердігер ұйым – «КарПром-2010» ЖШС. Жұмыстар аяқталды, – дейді Дархан Шәмен.

Өңірдегі мектепке дейінгі мекемелер де қысқа қапысыз қамдалып жатыр екен. Мәселен, «Балдырған» бала бақшасының жылу қазандықтары жылу беру маусымына дайын. Көмір бойынша өтініш берілді, мердігер ұйым анықталды. Олар 2023-2024 жылдарға 290 тонна көмір тасып бастайды. Ал, «Балбөбек» балабақшасы үшін блоктық-модульдік қазандық орнатуға қажетті қаражат бөлінді. Конкурстық шаралар аяқталды. Мердігер ТОО «MONARCH PRO». Жұмыстар жүргізілуде.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.