отбасыларға арналған баспана салу жаңа облыстың бастамаларының алдыңғы легі. Былтырғы балалар жылы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды. Бала 18 жасқа толғанға дейін баланың есепшотына аударылатын болады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалмақ. Бұл қаражат өскелең ұрпақ үлкен өмірге қадам басқан тұста қаржылай қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдардама алдағы уақытта өз жұмысын бастап, мемлекетіміз отбасындағы 18 жасқа дейінгі әр балаға қаржы төлейтін болады. Конституциялық реформа еліміздің мемлекеттік құрылымының тұғырын нығайтып, азаматтық қоғамның дамуына жол ашты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай аудан басшылары қазіргі таңда ауылдар арасында жиі болып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін, сұрақтарын, пікірлерін тыңдап, олардың сұранысын қанағаттандыруға жұмыс жасауда. Халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағын баянды етуді көздеген Жолдау халықтың қолдауына ие болды. Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын халыққа ұсынды. Жаңа
жарияланған Жолдауда да ел игілігіне жұмсалатын жұмыстар көп. Халықтың тұрмысы түзелсе мемлекет нығая түспек. Олай болса әр Жолдау-жарқын болашақ кепілі.
Салтанат Ералина